Математикалық регата байқауы
Математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау және тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 30 қазанында Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясы базасында орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Математикалық регата» байқауы өтті. Регата жұмысына құрамы 4 педагогтан тұратын жалпы 24 команда қатысты.
Байқауға қатысушылар барлық тапсырмаларды жеке және ұжымдық жұмыс түрінде орындады. Нәтижесінде командалық олимпиадада: І орын - әл-Фараби атындағы ДБАГ, ІІ орын – Іле ауданы және Қапшағай қаласы, ІІІ орын – Талдықорған қаласы мен М.Арын атындағы №24 ДБАЛ, №20 ДБАЛ иеленді.
Ал пән мұғалімдерінің жеке жұмыстарының қорытындысы бойынша:
І орын – М.Буланов, М.Арын атындағы №24 ДБАЛ,
ІІ орын – З.Абилова М.Арын атындағы №24 ДБАЛ, Х.Саяполдай Іле ауданы, №38 МГ, Х.Тауекел Іле ауданы №44 ОМ,
ІІІ орын – И.Молдакметова Райымбек ауданы, С.Сауранбаев атындағы ОМ, Ф.Акбаева Қарғалы №2 ДБАЛ, И.Бердіахмет Іле ауданы №28 МГ, Қ.Хашабай Іле ауданы №29 ОМ, Д.Ахметжанов Қаратал ауданы Б.Римова атындағы ОМГ;
«Үздік математик» номинациясымен А.Илесова Ұйғыр ауданы Сүмбе ОМ, «Математикалық талант» Н.Сұлтан Балқаш ауданы Үлгілі ОМ, «Ойшыл математик» А.Касымжанова Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ОМ-ң педагогтары арнайы дипломдармен марапатталды.