Білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері
Облыстық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 31 қазанында Талдықорған қаласы №18 орта мектеп-лицейінде «Білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері» тақырыбында практикалық оқыту семинары өтті. Семинар барысында Ескелді ауданының бастауыш сынып мұғалімдері іс-тәжірибесімен бөлісіп, алғашқы «Күзгі сессия» семинарлар топтамасын бастады. Аталған семинарға Талдықорған, Текелі қалалары, Ескелді, Көксу аудандарынан 40 педагог қатысты.