A - Размер шрифта A +

Қазақ тіліне бойлау

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары орталығы» мамандары тілге бойлау негізінде  мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған бағдарламасы аясында  2019 жылдың 28 қазан мен 1 қараша аралығында Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында «Қазақ тіліне бойлау жобасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг  өткізді.

Семинар барысында тілге бойлау әдісінің ерекшеліктері, негізгі принциптеріне сай кіріктірілген оқу ортасын құру және қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық минимумы тақырыптарында шебер-класстар жүргізілді.

Аталған шараға Панфилов, Ұйғыр, Көксу аудандары мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай  қаласынан 34 педагог қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка