A - Размер шрифта A +

Дарынды балаларға – талантты ұстаз

Алматы облысының 11 ең үздік жас педагогы Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің базасында өткен "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысты. Аталған шарада жас мамандар кәсіби қоғамдастықта әріптестерімен ой бөлісіп, кәсіби қарым –қатынаста тәжірибе алмасты. Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 8  жас маман жүлделі орындарды иеленді:

І дәрежелі диплом -Р.С.Сериков, Іле ауданы №48 ОМ тарих пәнінің мұғалімі;

ІІ дәрежелі диплом - Ұ.Б.Уалиев, Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы ОМ биология пәні мұғалімі;      Р.К.Алпаров Қарасай ауданы Алмалыбақ ОМГ шетел тілі пәні мұғалімі;

ІІІ дәрежелі диплом – Қ.А.Жақсыбаев, Талдықорған қаласы  Е.Берліқожаұлы атындағы №11 ОМ физика пәні мұғалімі; А.К.Каймуханов, Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы ОМ математика пәні мұғалімі; Д.С.Мизамбек, Іле ауданы №13 ОМГ шетел тілі пәні мұғалімі; Л.Күнайқызы, Текелі қаласы № 5 ОМ бастауыш сынып мұғалімі; Құрмет грамотасы - Е.Е.Қоқымбай, Қарасай ауданы Шамалған қазақ ОМ шетел тілі пәні мұғалімі. Байқаудың жеңімпаздарын  шын жүректен құттықтаймыз!


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка