Облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі» сырттай байқауы
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілерін қолдау және ынталандыру мақсатында 2019 жылдың 29 қазанында «Үздік балабақша тәрбиешісі» сырттай байқауын өткізді.Байқауға 16 тәрбиеші қатысты.
Қазылар алқасы шешіміне негізінде: І орын – Н. Бекболова, Талғар ауданы №7 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі, ІІ орын – Ю.Цугланова, Текелі қаласы №3 балабақшасы тәрбиешісі, ІІ орын – А.Мүслімқызы, Панфилов ауданы «Арай» балабақша тәрбиешісі, ІІІ орын – А.Манджуева, Іле ауданы «Қуат» балабақшасы тәрбиешісі, ІІІ орын – А.Юсупова, Жамбыл ауданы «Күншуақ» балабақшасы тәрбиешісі. Номинация иегерлері: «Шебер тәрбиеші» - А. Жексенбаева, Алакөл ауданы, «Василек» балабақшасы тәрбиешісі, «Шығармашыл тәрбиеші» Л.Бакбергенова, Балқаш ауданы «Балауса» балалар балабақшасы тәрбиешісі.