«Үздік әдіскер-2019» облыстық байқауы
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық кәсіби тәжірибесін айқындау, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында 2019 жылдың 22 қарашасында «Үздік әдіскер-2019» облыстық байқауын ұйымдастырды. 11 әдіскер 2 кезең бойынша шеберлік сынға түсті.Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Қаңғабыл Ілияс – Талдықорған жоғары медициналық колледжі, 1-орын Құрабалдиева Клара Бабашқызы – Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, 2-орын Раймова Анар Кабдешқызы – Шонжы политехникалық колледжі, 3-орын Арчабаева Қарлығаш Перизатқызы – Тоқжайлау политехникалық колледжі, 3-орын Карибаева Салтанат Оразханқызы – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі.Сондай-ақ, Талдықорған аумақтық ұйымының маманы Көксу ауылшаруашылық колледждің әдіскері Албакова Качат Садырбайқызын арнайы грамотамен марапаттады.