A - Размер шрифта A +

Облыстық семинар "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 2019 жылдың 29 қарашасында Жамбыл ауданы Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп базасында "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары" тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында тыңдалған мәтінмен жұмыс түрлері, оқу сауаттылығын, математикалық сауаттылықты дамытуға арналған күрделі есептерді шешудің тиімді тәсілдері ұсынылды. Іс-шараға Қапшағай қаласының, Іле, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Қарасай аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәнінен 106 педагог қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка