Педагогикалық идеялар фестивалі
2019 жылғы 11 желтоқсанда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 ОМГ базасында облыстық "Педагогикалық идеялар" фестивалін өткізді. Байқауға 21 педагог қатысты. Қатысушылар өздерінің педагогикалық идеяларымен, ойларымен бөлісіп, әріптестерінің әзірлемелерімен танысуға мүмкіндік алды.
Әділқазылар алқасы шешімі негізінде:
1 орын – А.Каймуханов, Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
ІІ орын- Н.Калыбекова, Қапшағай қаласы Қ. Жалайыри атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі.
ІІ орын – М.Бекбосынова, Енбекшіқазақ ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
ІІ орын- З.Анаятова,Талдықорған қаласы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінің ағылшын тілі пәні мүғалімі.
ІІІ орын- Т. Солодкова, Текелі қаласы №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
ІІІ орын- Г.Жаханова, Балқаш ауданы Ақдала орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі.
ІІІ орын- К.Исраилова, Кербұлақ ауданы Көксу орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі.
ІІІ орын- Ж.Ахметова, Қарасай ауданы Б.Қосынов атыдағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі.
Номинациялар иегерлері:
«Шебер ұстаз» - А.Усанова, Талдықорған қаласы №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
«Зерттеуші ұстаз» - Ә.Арахат, Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі.
«Шығармашыл ұстаз» - Р.Наурызбаева, Ескелді ауданы Мичурин атындағы орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі.
«Креативті ұстаз»- А.Куджанова, Талғар ауданы №10 орта мектебінің химия пәні мұғалімі.
Жүлделі орынға ие болған педагогтар республикалық байқауға жолдама алды.