Әдістемелік кеңес
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2019 жылғы 20 желтоқсанда кезекті әдістемелік Кеңесін өткізді. Кеңестің күн тәртібінде колледжішілік бақылаудың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, модульдік оқыту жағдайында оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, жаңартылған білім беру мазмұны аясында инженер-педагогтардың сабағына қатысу мәселелері талқыланды. Кеңеске 50 әдіскер қатысты.