«Білім беру сапасын арттыруда әдістемелік бірлестіктің рөлі» тақырыбында педагогикалық консилум
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасы аясында ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру мақсатында Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 арнаулы лицейі», Жамбыл ауданы Қарғалы №2 «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 арнаулы гимназиясы» базасында ағымдағы жылдың 11 қаңтарында «Білім беру сапасын арттыруда әдістемелік бірлестіктің рөлі» тақырыбында ауылдық магниттік мектептер педагогтарына арналған педагогикалық консилиум өткізді. Педагогикалық консилумге 147 педагог қатысты.