«Бастауыш сыныпта білім сапасын арттырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында аймақтық практикалық-семинар
Бастауыш сыныпта білім сапасын арттыру педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 22 қаңтарда Сарқан ауданы №1 мектеп-гимназиясы базасында «Бастауыш сыныпта білім сапасын арттырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында аймақтық практикалық-семинар өткізді. Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандары педагогтары практикалық жұмыс барысында оқу үрдісінде кездесетін кедергілерді талқылап, шебер-класс жүргізіп, тәжірибе алмасты. Аталған шараға 47 педагог қатысты.