A - Размер шрифта A +

«Шетел тілін оқытудағы өзекті мәселелер: критериалды бағалау және оқытудың жаңа стратегиялары»

 Сабақта оқытудың тиімді стратегияларын қолдану әдістемесін жетілдіру мақсатында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылғы 14 ақпанда  Панфилов ауданы,  Жаркент қаласы Алтынсарин атындағы орта мектебі базасында «Шетел тілін оқытудағы өзекті мәселелер: критериалды бағалау және оқытудың жаңа стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді. Тәжірибе алаңында Ұйғыр ауданы М.Таипов атындағы ОМ мұғалімі Г.Оспанбаева «Педагогтар шетел тілі сабағында интербелсенді әдістерді қолдану тиімділігі», Панфилов ауданы Суптай ОМ мұғалімі А.Алмабекова «Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау маңыздылығы», Кербұлақ ауданы №49 ОМ мұғалімі Г.Сергібаева «Шетел тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбында шебер-кластар жүргізді. Семинар коуч-сессия жұмысымен жалғасты.Кері байланыс  ТЕD-х форматында өтті.   Аталған шараға Кербұлақ, Панфилов, Райымбек,Ұйғыр  аудандырының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.  Жалпы – 55 педагог қамтылды.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка