«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жыл 19 ақпанда Талдықорған агротехникалық колледжінің базасында «Серпін» жас мамандар шығармашылық тобының«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарда жас мамандарға нәтижелі сабаққа жетудегі оқытудың тиімді әдістері, білім алушылардың өзіндік ізденісін жетілдіру, «WorldSkills» стандарттарын оқу үрдісіне енгізу, электронды оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульді қорытындылаудағы бағалау механизмі нақты қолданыстағы тәжірибенің қорытындысы негізінде ұсынылды. 60 жас маман қатысқан семинарда 4 жас маман, 2 әдіскер, 1 штаттан тыс тренер, 4 арнайы пән оқытушысы, 1 үздік педагог тәжірибе таратты.