«Модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинары
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жыл 20 ақпанда Қапшағай көпсалалы колледжінің базасында «Модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті. Аймақтық семинарда Балқаш, Жамбыл, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талғар, Алматы, Қапшағай қалаларындағы инженер-педагогтар модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын, заманауи сабақты ұйымдастырудағы құзыреттілікке негізделген тапсырмаларды, электронды білім беру ресурстарын, критерийге негізделген бағалауды тиімді пайдаланудың өзіндік шарттарын, оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастырудың жолдарын қолданыстағы тәжірибенің негізінде талқылады.58 инженер-педагог қатысқан аймақтық семинарда 4 жалпы, 6 арнайы пән оқытушылары, 5 өндірістік оқыту шебері, 3 әдіскер және «Өрлеу» БАҰО аға оқытушысы тәжірибе таратты.