Үздік педагогтардың тәжірибесін тарату
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Үздік педагог» атағының иегері А.Кабдыгалиева мен С.Жанаберлиеваның тәжірибесін тарату мақсатында 2020 жылғы 21 ақпанда Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясының базасында «Педагог құзыреттілігін арттыру: Тәжірибе. Ізденіс. Даму.» тақырыбында семинар ұйымдастырды.Семинар барысында А.Кабдыгалиева «Көшбасшы» зерттеу тобымен 5 сыныпта «Менің атым Қожа» Кейіпкерге хат» тақырыбында ашық сабақ жүргізіп, зерттеу сабағының талдау үлгісін көрсетті. Тарих пәні мұғалімі С.Жанаберлиева тілдік дағдыларды дамыту мақсатында «Графикалық органайзер» әдісі арқылы шебер-класс жүргізіп, диалогтік алаңда «Рефлексия педагога-как инструмент профессионального развития учителя» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.Шараға облыстағы жалпы білім беретін мектептерден 45 қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.