A - Размер шрифта A +

Сабаққа қатысу

2020 жылдың 25-26 ақпан күні Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қаратал ауданы шағын жинақты мектептер мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақтарына қатысу жүргізді. Сабаққа қатысу барысында педагогтармен кәсіби сұқбатта  ҚМЖ құрастыруда талаптарды сақтау, оқу бағдарламасын басшылыққа алу, оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттарын құрастырып т.б. туындаған сұрақтар бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді.Сабаққа қатысу барысында кездескен кедергілерді жою мақсатында «Критериалды бағалау - сапалы оқудың маңызды аспектісі» тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырылды. Тәжірибеде критериалды бағалау, тәсілдер, стратегияларды енгізудің тиімді жолдары көрсетілді. Шараға 25 шағын жинақты мектеп мұғалімдері қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка