A - Размер шрифта A +

«Құндылық бағдар және педагогикалық құзыреттілік негізінде функционалдық сауаттылықты дамыту» атты облыстық семинар

Алматы облыстық білім беруді  дамыту оқу-әдістемелік  орталығы «Кәсіби құзыреттілікті арттыру траекториясы» жобасын іске асыру мақсатында 2020 жылғы 26  ақпанда Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицей базасында «Құндылық бағдар және педагогикалық құзыреттілік негізінде функционалдық сауаттылықты дамыту»  тақырыбында облыстық семинар өткізді.Семинар барысында ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру мақсатында лицей ұжымы өзіне бекітілген магниттік ауыл мектептерінің басшылары мен педагогтарына құндылыққа негізделген білім беру жұмысын үйлестіру,  педагогикалық құзыреттілікті дамыту мақсатындағы  тиімді тәжірибелерін ұсынды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка