A - Размер шрифта A +

Әдістемелік күн

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 03 наурызында Балқаш ауданы М.Сеңгірбаев атындағы ОМ базасында «Жаңартылған білім беру аясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында мектеп үйлестірушілеріне, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне оқыту үрдісіндегі кедергілерді шешу жолдарын қарастыру, кәсіби қолдау көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді. Практикалық жұмыс барысында педагогтар жаңартылған бағдарлама аясында оқу үрдісінде кездесетін кедергілерді талқылап, тәжірибе алмасты. Аталған шараға 27 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка