«Кәсіпкерлік және бизнес негіздерінің ерекшеліктері» атты семинар- практикум
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығы кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін жүргізетін (біліктілік арттыру курстарынан өтпеген педагогтарға) педагог мамандарға кәсіби-педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында 2020 жылғы 04 наурызда Талдықорған қаласы Ш.Уалиханов атындағы №10 ОМГ базасында аймақтық «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерінің ерекшеліктері» атты семинар- практикум өтті. Апробациядан өткен педагогтар тәжірибелерімен бөлісті. Семинар- практикумға 40 педагог қатысты.