A - Размер шрифта A +

Ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу

2020 жылғы 3-4 наурызда Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп Ақсу, Сарқан аудандары мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу жүргізді. Оқу қызметіне қатысу барысында педагогтармен кәсіби сұқбатта оқу қызметін тиімді жоспарлау, үлгілік бағдарламаны басшылыққа алу, өтпелі тақырыпты кіріктіру т.б. туындаған сұрақтар бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді.Оқу қызметінде кездескен кедергілерден шығу жолында «Мониторинг жүргізу тәрбие мен оқыту процесін жоспарлау: мәселелері және ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант ұйымдастырылды.Шара барысында, оқу қызметіне кәсіби деңгейде талдау жүргізу бойынша балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне шебер-класс жүргізді. 

 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка