Әдістемелік кеңес
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 5 наурызда кезекті әдістемелік кеңесін өткізді.
Кеңестің күн тәртібінде «Педагог мәртібесі» туралы заң нормалары, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, техникалық және кәсіптік білім бөлімінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, колледжішілік бақылаудың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, модульдік оқыту жағдайында оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, жаңартылған білім беру мазмұны аясында инженер-педагогтардың сабағына қатысу мәселелері талқыланды. Кеңеске 60 әдіскер қатысты.