A - Размер шрифта A +

Тәжірибе тарату on-line семинары

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  2020 жылғы 13 наурызда «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Олимпиада есептерін шығару әдістері» (математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған) тақырыбында облыстық тәжірибе тарату оn-line семинары өткізілді. Аталған шарада облыстық әл-Фараби атындағы ДБАЛ математика пәні мұғалімі Г.Оразәлі «Математика пәнінен олимпиадалық есептерді шығару жолдары», Жамбыл ауданы Қарасу ОМ физика пәні мұғалімі Д.Бухарбаева  «Физика пәнінен олимпиадалық есептерді шығару жолдары» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға облыстың 123 жалпы орта білім беру ұйымдарының математика, физика пәні мұғалімдері қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка