A - Размер шрифта A +

«Обратная связь в условиях дистанционного обучения русскому языку и литературе» тақырыбында аймақтық вебинар

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне  «Обратная связь в условиях дистанционного обучения русскому языку и литературе» тақырыбында аймақтық вебинар өткізді. Іс-шара барысында пән мұғалімдері А.Т.Исламова (Панфилов ауданы), А.Е.Мынжанова (Қарасай ауданы), К.В.Исраилова (Кербұлақ ауданы) қашықтықтан оқыту жағдайында орыс тілі пәні бойынша тиімді кері байланыс беру жолдарын ұсынды.  Вебинарға Панфилов, Кербұлақ, Қарасай аудандарының және Талдықорған қаласының 29 педагогтары қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка