A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы тиімді кері байланыс беру жолдары» тақырыбында оn-line конференция

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22 сәуір күні қашықтықтан оқытуда кері байланыс беру формаларын ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы тиімді кері байланыс беру жолдары»  тақырыбында оn-line конференция өтті. Конференция жұмысында Республикалық видеосабақтар байқауының жүлдегерлері: Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, білім мазмұнын жаңарту аясында «Математика» пәні бойынша облыс тренері К.Нурпеисова, Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.Қаймұқанов қашықтықтан оқыту жағдайында математика пәні бойынша тиімді кері байланыс беру жолдарын ұсынды. Ал облыстық педагогтар ассоциация мүшелері: «Білім-инновация» лицей интернатының математика пәні мұғалімі А.Турапбеков, Текелі қаласы №8 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Дивеева  сабақта оқушылардан кері байланыс  алу үшін тәжірибелерінде қолданып отырған қосымша сандық ресурстардың мүмкіндіктерін  көрсетті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка