A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудағы жаңа амалдар» тақырыбында колледж әдіскеріне вебинар

Алматы облыстық  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі  «Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудағы жаңа амалдар» тақырыбында колледж әдіскеріне   вебинар өткізді. Вебинар жұмысы аясында Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Рахан Шыңғысхан мен Оңғарбек Айдос қашықтықтан оқытуда  Google Класс сервисі мен Vegas Pro бағдарламасын тиімді қолдану, бағалаудың өлшемшарттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Сарқан гуманитарлық, Үшқоңыр су шаруашылығы, Жаркен жоғары гуманитарлық-техникалық, Талғар медициналық, Талдықорған жоғары медициналық колледж әдіскерлері қашықтықтан оқытуды  ұйымдастыруда әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарымен бөлісті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка