«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» вебинар.
Облыстық білім беруді дамыту оқу –әдістемелік орталығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалық тобымен бірлесіп, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 4-тоқсанның «Ойлау дизайны» бөлімінің барлық тақырыптарын қарастырды. Педагогтармен «Google classroom» платформасын қолданудың таңдаулы әдісін талқылады. Вебинар ZOOM конференциясында өткізілді. Барлығы 80 педагог қамтылды.