A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар.

Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру жағдайында мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлескен  «Қашықтықтан оқыту жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар барысында Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері А.Алимов,  Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығы тренері, химия-биология бағытындағы НЗМ-ң тәжірибе тарату орталығының әдіскері З.Мейрханова, Жамбыл ауданы Ү. Кәрібаев атындағы орта мектеп директоры О. Асымханова, С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп директоры Г.Бухатова тәжірибелерін ұсынды. Жалпы жұмысқа онлайн режимде 60 мектеп директоры қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка