A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайында тақырыпты меңгертудің тиімділігі» атты вебинар

2020 жылдың 27 сәуірінде қашықтықтан оқыту жағдайында оқу материалдарын меңгеру тәсілдерін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Ескелді, Кеген және Райымбек аудандарының тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында тақырыпты меңгертудің тиімділігі» атты вебинар  өтті. Вебинар барысында  Талғар ауданы, М.Әуезов атындағы №5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, білім мазмұнын жаңарту аясында «Тарих» пәні бойынша облыс тренері Денебаева Лаззат Қолдасбайқызы қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардан кері байланыс алудың тиімді жолдарын ұсынса, Жамбыл ауданы, Шиен орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Хамыткожаева Лаура Жумановна Қашықтықтан оқыту жағдайында Google forms мүмкіндіктерін пайдаланып жиынтық бағалауды ұйымдастыруда өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара соңында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ә.Әуезова ашық алаңда туындаған сұрақтарға жауап берді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка