A - Размер шрифта A +

«Мектепалды даярлық сыныбында (тобы) қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы 2020 жылдың 29 сәуірінде қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында Қаратал, Ақсу, Көксу, Ескелді  аудандарының мектепалды даярлық сыныбы (тобы) педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мектепалды даярлық сыныбында (тобы) қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинар барысында НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Талдықорған қаласы филиалының тренері С.Даулетбаева мектепалды даярлық сыныптарында қашықтықтан оқыту жағдайында балаға, ата-анаға кері байланыс берудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, Ескелді аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Б.Исанова «Мектепалды даярлық топтары мен сыныптары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары», Қаратал ауданы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі М.Наренбаева  «Мектепке дейінгі ұйымдарда қашықтықтан оқытуда кері байланыс берудің тиімділігі» тақырыптарында  өз тәжірибелерімен бөлісті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка