A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» тақырыбында вебинар

2020 жылдың 29 сәуірінде қашықтан оқытуда кері байланыс беру формаларын ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Ақсу ауданы мен Талдықорған,Текелі қалаларының бастауыш сынып мұғалімдерімен «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар барысында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жаңартылған білім беру мазмұны және  бастауыш сынып бойынша әдіскері Қ.Сулейменова бастауыш сынып оқушыларына қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыс берудің тиімді жолдарын ұсынды. Қатысушылар оқыту барысында кездескен кедергілердің шешу жолдарын талқылап, тақырып аясында өзара ой бөлісті.   Аталған шараға 84 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка