A - Размер шрифта A +

«Методическая копилка: дистанционный урок» атты аймақтық вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 29 сәуірінде компьютерлік технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан сабақты тиімді ұйымдастыру  және тәжірибе алмасу мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Методическая копилка: дистанционный урок» атты аймақтық  вебинар өткізді. Іс-шара барысында Панфилов ауданының мұғалімдері: А.Исламова (Елтінді батыр ОМ), Н.Долдаева (Ұзынағаш ОМ),  А.Илипова (Кішішыған ОМ), М.Сопашева (Босақов ат. ОМ) қашықтықтан ұйымдастырған сабақтарын ұсынды.  Сабақты жоспарлау кезінде компьютерлік технологияларды тиімді қолдану мәселелері  талқыланды. Вебинарға Панфилов, Райымбек, Кербұлақ аудандарының  педагогтары қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка