«Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыстың жүргізілуі» тақырыбында вебинар
2020 жылдың 30 сәуірінде Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары шағын жинақты мектептерінің жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыстың жүргізілуі» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды. Вебинар жұмысында Талдықорған қаласындағы«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей интернатыныңматематика пәні мұғалімі А.Турапбеков, Д.Рақышев атындағы облыстық мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі А.Ахметова, «Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты» математика пәні мұғалімі М.Адильбекова оқушылардан кері байланыс алу үшін тәжірибелерінде қолданып отырған қосымша сандық ресурстардың мүмкіндіктерін көрсетті.