A - Размер шрифта A +

«Шетел тілін қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 30 сәуірінде «Шетел тілін қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинарда Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінің шетел тілі пәні мұғалімі, білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Шетел тілі» пәні бойынша облыс тренері Э. Естибаева «Шетел тілін қашықтықтан оқыту шеңберінде сабақты жоспарлау тиімділігі», Іле ауданы №7 ОМ шетел тілі пәні мұғалімі М. Қаржаубаев «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын беру және жедел кері байланыс ұйымдастырудағы тиімді платформалар», Талдықорған қаласы №4 ОМ шетел тілі пәні мұғалімі А.Асанова «Google Classroom” интернет-платформасы кері байланыс құралы ретінде» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Е.Г.Баймырзаев білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындау және жиынтық жұмыстарды жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдарға тоқталып, БЖБ мен ТЖБ-да айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейтіндігін атап өтті.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка