A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыстың жүргізілуі» тақырыбында вебинар

2020 жылдың 30 сәуірінде Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандары   география, химия, биология  пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыстың жүргізілуі»тақырыбында вебинар өтті. Вебинар жұмысында Талдықорған қаласы  «№28 ІТ мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі С.Оралбаева, Д.Рақышев атындағы облыстық мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі А.Ахметова, Панфилов ауданы Билал Назым атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі С.Шавдунова, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат селолық округі №1 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нұртай Ерназар сабақта оқушылардан кері байланыс  алу үшін тәжірибелерінде қолданып отырған қосымша сандық ресурстардың мүмкіндіктерін  көрсетті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғ.Дихамбаев  қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка