A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқыту жағдайында информатика пәнінен жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында вебинар

Алматы облысы білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығы мен Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, 2020 жылдың 5 мамырында орта білім беру ұйымдарының педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында  «Қашықтықтан оқыту жағдайында информатика пәнінен  жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері М. Сатаев, Қаратал  ауданы Р.Қошқарбаев  атындағы ОМ  информатика пәні мұғалімі Т.Скирда бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының ерекшеліктеріне тоқталып, өз тәжірибелерінен әр сыныпқа құрылған тапсырма үлгілерімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Адильбаева қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырып, педагогтармен талқылау жүргізді. Вебинарға  80 педагог  қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка