A - Размер шрифта A +

«Мектепалды даярлық сыныбында (тобы) қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы 2020 жылдың 5 мамырында қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл  аудандарының мектепалды даярлық сыныбы (тобы) педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мектепалды даярлық сыныбында (тобы) қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинар барысында НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Талдықорған қаласы филиалының тренері С.Даулетбаева мектепалды даярлық сыныптарында қашықтықтан оқыту жағдайында балаға, ата-анаға кері байланыс берудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Б.Маканова «Мектепалды даярлық топтары мен сыныптары педагогтарын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік сүйемелдеу», Қарасай ауданы «Сандуғаш» балабақшасының меңгерушісі М.Бигельдиева «Балабақшада қашықтықтан оқытуда ұйымдастырудың ерекшелігі», Еңбекшіқазақ ауданы Н.Островский ат. ОМ мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Ш.Нурмухамбетова «Қашықтықтан оқытуда оқу қызметін жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка