A - Размер шрифта A +

Әдістемелік кеңес

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім   бөлімі   2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 5 мамырда кезекті әдістемелік кеңесін zoom қосымшасы арқылы өткізді. Кеңестің күн тәртібінде  қашықтықтан оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқытушыларды әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу,  Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі мен біліктілік санаттарын иелену Ережесінің жобасы таныстырылып, ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің мүмкіндіктері талқыланды. Вебинарда Шонжы политехникалық, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, Текелі кәсіптік колледждерінің әдіскерлері «Қашықтықтан оқыту жағдайында инженер-педагогтардың ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру бағытында жүргізілген әдістемелік жұмыстар» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Кеңеске 56 әдіскер қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка