A - Размер шрифта A +

«Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және басқару тетіктері» тақырыбында вебинар

Алматы облысы білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығы мен   Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, 2020 жылдың  5 мамырында мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және басқару тетіктері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда  Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Г.Толықбаева қашықтықтан оқыту жағдайында бірлескен зерттеу тобының тәжірибе алаңында Қарасай ауданы МДШО Ұлан орта мектебінің тәжірибесін ұсынды. Химия-биология бағытындағы НЗМ-ң тәжірибе тарату орталығының әдіскері З.Мейрханова жетекші  және магниттік мектептердің роліне тоқталды. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Э.Досаева  қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырып, қатысушылармен талқылау жүргізді. Вебинарға Қарасай ауданының 70 мектеп директоры мен орынбасарлары  қатысты. 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка