Вебинар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша Алматы облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған практикалық ұсынымдар жөнінде вебинар өтті. Вебинарда БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ҚР ДСМ тренерлері Ж. Махатаева мен Е. Грошева қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, психологиялық қызметті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктеріне тоқталды.