A - Размер шрифта A +

Білікті жұмысшы кадрларын даярлаудағы өндірістік оқыту шеберінің рөлі

Алматы облысы білім басқармасы  18 маусымда  білікті жұмысшы кадрларын даярлаудағы өндірістік оқыту шеберлерінің рөлін тәжірибедегі мүмкіндіктер арқылы дамыту мақсатында  «Білікті жұмысшы кадрларын даярлаудағы өндірістік оқыту шеберінің рөлі» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, әдістемелік орталықтың  мамандары, әлеуметтік серіктестіктер және  Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар, Текелі кәсіптік, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледждерінің орынбасарлары мен  өндірістік оқыту шеберлері Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы  кәсіптік білімнің басым бағыттарын, дуальді және қашықтықтан  оқыту жағдайын, «WorldSkills» чемпионатына студенттерді дайындау, түлектерді жұмыспен қамту, біліктілікті кәсіпорын базасынан арттыру мүмкіндіктерін тәжірибеден көрсете отырып, кеңінен талқылады. Көтерілген мәселелер бойынша білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  бөлімінің басшысы Ә.Төребаева өз  ұсыныстарын берді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка