A - Размер шрифта A +

«Музыкалық білім беруді қашықтықтан оқыту» тақырыбында республикалық вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі мен  Қ.Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжі бірлесіп,   «Музыкалық білім беруді қашықтықтан оқыту» тақырыбында республикалық вебинар ұйымдастырды.  Вебинар барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясы,      І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қ.Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжінің педагогтері музыкалық білім беруді қашықтықтан оқытудағы қиындықтарды, мүмкіндіктерді, шығармашылық емтихандарды ұйымдастырудың жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ, түлектерді  консерваторияға қабылдау тәртібіндегі өзгерістер мен дайындалу форматы туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясының деканы, аға оқытушы, философия докторы Е.Е. Жаманкеев толық мағлұмат берді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка