A - Размер шрифта A +

«Заманауи басшы - табыс формуласы» тақырыбында мектеп директорларының облыстық интернет- форумы

Алматы облыстық  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының  филиалы бірлесіп, 2020 жылдың 28 мамырында «Табысты басшы» жобасын іске асыру аясында  «Заманауи басшы - табыс формуласы» тақырыбында мектеп директорларының облыстық интернет- форумын өткізді. Аталған шараға Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Б.Асубаев,  орталықтың аға менеджері Ғ.Толықбаева, аудандық, қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, дарынды балаларға арналған арнаулы лицей, гимназия директорлары,  жалпы орта білім беру ұйымдарының, шағын жинақты мектептердің басшылары қатысты.

Интернет-форумда облыстық  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Қабдұлова «Табысты басшы» жобасы аясында Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен жұмыстың нәтижеге бағытталғандығын  атап өтті. Б.Асубаев Д.Хэттидің метанализі бойынша  басқарудың оқыту-үйрету  мен трансформациялық стильдерінің ерекшелігіне тоқталып, заманауи мектепті басқарудың тиімді жолдары туралы    директорлармен пікір алмасты.  Интернет-форум барысында шағын жинақты мектеп директорларына  «Бірлескен зерттеу - мұғалімдердің тұрақты кәсіби дамуының  тиімді әдісі»,  жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларына  «Білім беру ұйымын  тиімді басқару – табысқа жетудің кепілі»  тақырыптарда тәжірибе алаңдары ұйымдастырылды.  Алматы облысы мен Алматы қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының бірлескен зерттеу тобы  шағын жинақты мектеп директорларына   2018 жылдан бері жүргізіп келе жатқан тәжірибесін ортаға салды. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Ғ.Толықбаева қашықтықтан оқытуға байланысты бірлескен зерттеу тобының жұмыс  жоспарына өзгеріс енгізілгенін атап, тәжірибе алаңында кездескен кедергілер мен даму тетіктеріне тоқталды. Ал екінші алаңда  мектепті басқаруда озық педагогикалық идеяларды енгізу, ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру, жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығының жұмысын тиімді ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту барысында мектептегі үдерісті бақылау және бағамдау мәселелері бойынша көшбасшы директорлар өз тәжірибелерімен бөлісті.  Форум чатында қатысушылармен талқылау жүргізіліп, ұсыныстар қабылданды. 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка