A - Размер шрифта A +

Облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің тақырыптық алаңдары

Алматы облыстық  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  2020 жылдың 17-21 тамыз аралығында облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің тақырыптық алаңдары онлайн режимінде өткізу жоспарланған.   

17 тамыз күні «Қашықтықтан оқытуда менеджменттің  өзекті мәселелері»   тақырыбында аудандық, қалалық  білім  бөлімі  басшылары, аудандық, қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  аға әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік  мектеп директорлары мен директордың орынбасарларына арналған 8 тақырыптық алаң өтті.

Алаң жұмысына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының директоры Б.Асубаев,  "Білім. Кадрлар даярлау" бағыты бойынша көшбасшы, Елбасының "Ел үміті" бастамасы шеңберіндегі өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлердің жобасы аясында "Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының" СЕО басшысы, ф.ғ.д. А.Канагатова, "Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының" СЕО негізін қалаушысы, э.ғ.к. Г. Курганбаева, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» аға оқытушысы, п.ғ.к. М.Валиева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының аға менеджерлері: Қ.Қалдарова мен Ғ.Толықбаева қатысып, құнды идеяларымен бөлісті. Bilim Media Group компаниясы маркетинг департаментінің директоры Қ.Мырзаханов ONLINE MEKTEP жобасының артықшылықтарын атап өтті.

 Тәжірибелік алаңдарда мектеп басшылары қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Аталған шараға 800 мектеп директоры, директордың резервтері мен орынбасарлары қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка