A - Размер шрифта A +

«2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар

2020 жылдың 27 тамызы күні Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында аудандық/қалалық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталықтарының ШЖМ жауапты әдіскерлерімен «2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында облыстық оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева қашықтықтан оқыту жағдайында орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша жадынамамен таныстырды.

         2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Нәтижесі төмен мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы» жобасына тартылған мектептер туралы айтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка