«Химия, биология пәндерін қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында вебинар
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 28 тамызында химия, биология пәндері бойынша бірлестік жетекшілері мен әдіскерлерге арналған «Химия, биология пәндерін қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Жекебазарова коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. «BILIM LAND» платформасында конференция сабақтарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Қаратал ауданы Кәлпе орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ж.Иманбаева өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға Zoom платформасы арқылы 87 педагог қосылды.