A - Размер шрифта A +

«Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық тобы, сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы                       28 тамыз күні мектеп жанындағы шақын орталық тәрбиешілері мен мектепалды даярлық /тобы/ сыныбы педагогтарына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, стандарт талаптарындағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік сүйемілдеу мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық тобы, сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

Вебинар барысында ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  «13» тамыздағы № 345 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар талқыланды. Аталған шараға 100 педагог қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка