A - Размер шрифта A +

2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері облыстық вебинар

2020 жылдың 28 тамызында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін қашықтан  ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Аталған іс-шараға аудандық/қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бастауыш сынып,  қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі, тарих, химия, биология, география, математика, физика пәндері бойынша әдіскерлері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Вебинар барысында орталық әдіскерлері С.Идрисова, Ә.Әуезова, Г.Далабаева және Е.Баймырзаев қашықтықтан оқыту жағдайында орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар мен шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша жадынамамен таныстырды. Қаратал ауданы, А.С.Пушкин атындағы орта мектеп мұғалімі Б.Сарқытова «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы Bilimland платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.  Барлығы педагог  100 қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка