Облыстық вебинар «2020-2021 оқу жылында ҚР білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»
2020 жылдың 04 қыркүйегінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесін қашықтан ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық/қалалық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының әдіскерлері және пән мұғалімдерінің ассоциация мүшелерімен «2020-2021 оқу жылында ҚР білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Барлығы 100 педагог қамтылды.