«2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыбында вебинар.
2020 жылдың 25 қыркүйегінде білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы облыстық арнайы мектеп-интернаттар педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыбында вебинар өткізді. Сонымен қатар, вебинарда облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Қуанғалиев Елжан Шамғонұлы қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Іс-шараға 50 педагог қамтылды.