A - Размер шрифта A +

«Сабақты жоспарлау» тақырыбында вебинар

2020 жылдың 25 қыркүйегінде қашықтықтан оқыту жағдайында  аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері  мен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік сүйемелдеу көрсету мақсатында  «Сабақты жоспарлау» тақырыбында  вебинар өтті. Вебинар барысында Ескелді ауданы Қарабұлақ ОМ бастауыш сынып мұғалімі, облыс тренері М.Асылбекова, Талдықорған қаласы №18 ОМ бастауыш сынып мұғалімі С.Иманбекова, Талдықорған қаласы №28 IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Траисова, Талдықорған қаласы Ш.Уалиханов атындағы ОМГ бастауыш сынып мұғалімі М.Ушакбаева қашықтықтан оқыту жағдайында сабақтарды жоспарлау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Қ.Сулейменова ҚР БҒМ 2020 жылғы 06 сәуірдегі №130 бұйрығын басшылыққа ала отырып, сабақ жоспарлары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Аталған шараға 100 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка